Зиянкестік, қаскүнемдік, қастық, қастандық, жауыздық, өштік

lat: Zıankestik, qaskúnemdik, qastyq, qastandyq, jaýyzdyq, óshtik

Зиянкес болушылық, әшпенді болушылық, көре алмаушылық.

Көп мезгілден бері Кеңес өкіметіне істеп жүрген зиянкестік қылмысы ашылып, Қаражан ұсталған болатын (I. Есенберлин).

Амангелді Әбдіғапардың бүл қаскүнемдігіне қатты ренжіп, оны үстап, қамауға алуға бұйрық берді (3. Мұхамеджанов).

Өгей шешенің қыз балаға сор туғызатын қастығын орыс халқының қиял ертегілері де көп әңгімелейді (М. Әуезов).

Шөпіштің өз тарапынан тікелей жасалып тұрған қастандық болса, заң жүзімен де сөйлесе алатындықтарын ортаға салысқан-ды (К. Оразалин).

Күншілдік жүрген жерде бірде көрініп, бірде көрінбей жүретін оның мәңгі серігі - жауыздық (С. Жүнісов).

Ол Тәттімбеттің Қүнанбаймен өштігін білетін жанша сөйлеп өтті (А. Сағаев).