Зиянкестік

lat: Zıankestik

з а т е с і м. 1. Зиянкес болушылық. Бөгелектің з и я н к е с т і г і н е н сиыр ауруларының бірі “оқыра” пайда болады. Ол Қазақстанда көп тараған (Ш.Жанәбілов,Қаз. мал атау.). Сондай-ақ көптеген қояндар жайылым шөпті құртып, ауылшаруашылығына з и я н к е с т і к келтіреді (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнауы.). 2. а у ы с. Қастық, дұшпандық. З и я н к е с т і к қылмысы ашылып, Қаражан ұсталған болатын (І.Есенберлин, Шығ.).