п с и х о л о г и я л ы қ. Индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. З и я т т е с т і л е р і н і ң көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері, солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру, ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). З и я т т е с т і л е р і н і ң әртүрлі үлгілері теориялық зерттеулерде және дефектология практикасында қолданылады, тестілеу нәтижелері үшін өңдеудің ерекше әдістері талдап-белгіленген (Қаз. тілі термин. Педагогика.).