[грек. zygόtā] з а т е с і м. з о о л о г и я л ы қ. Аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жасу шалардың қосылуынан (ұрықтануынан) пайда болған бір жасушалы ұрық. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде (балдырлар, саңырауқұлақтар) з и г о т а н ы ң дамуынан дарақтар өсіп жетіледі (Қаз. тілі термин. Биология). Екі гаплоидты гаметалардың қосылуынан з и г о т а процесінде (зиготалануда) сол түрге тән диплоидты хромосома жиынтығы бар организм пайда болады (ҚҰЭ). Әдетте, з и г о т а бірден дами бастайды, кейде ол қатты қабықпен қоршалады және өсуге қолайлы жағдай туғанда зигоспораға (мыс., кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар) айналады (ҚҰЭ).