lat: ZAŃ
зат. 1. Мемлекеттің ең жоғарғы өкімет органдары қабылдаған, ерекше заңдылық күші бар акт.
Түсінбеймін жақсыны, жаманды да,
Адамды да білмеймін, наданды да.
Жазығым да жоқ менің, жауабым да,
Жалтара да алмаймын заң алдында (2,170).
2. Өмірдің, табиғаттың ғасырлар бойы қалыптасқан белгілі бір жүйесі: тәртіп.
Өшпестей етіп,
Өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде,
Тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына,
Өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр,
Тағдырым, саған ырзамын! (3,113).
Өз-өзімнен жара салдым жаныма,
Білте өткізбей жас жүректің шамына.
Шырмауынан шыға алмай тұрмыстың,
Көндім, міне, табиғаттың заңына (1,25).