ЗАҢ

lat: ZAŃ

сөздің кең мағынасында – тұтас алғанда барлық нормативтік-құқықтық актілер, мемлекет тағайындалған барлық жалпы міндетті тәртіптер.

Өзіндік заңдық мағынада, заң – мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы не тұрғындардың тікелей ерік білдіруімен (мысалы, референдум) қабылданған және барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Қазіргі қоғамдағы құқықтың негізгі көзі ретінде, заң әдет-ғұрыптың орнын алмастырады.