патшалық Ресей заңдарының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне ене бастаған ХІХ ғ.-дағы атауы. Дәстүрлі ортадағы қалыптасқан «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» сынды жол және жарғы деп аталып, ғасырлар бойы пайдаланылып келген заңдар орыс отаршылдарының қоластына кіргеннен кейін біртіндеп ығыстырылып, отаршылдық тәртіп жасаған заңдар үстемдік құра бастады. Патшалық Ресей енгізген заңдардың заң-зәкүн деп аталуы олардың бұрынғы «жолдар» мен «жарғылардан» мүлдем алабөтен өзгешелігін және ерекшелігін білдіреді. Сөйтіп, орыстың билік жүйесінің ықпалымен түрлі ережелер де шыға бастады. Енді орыс тілінде закон деп аталған барлық заңдар мен заңдық күші бар бұйрықтар, қаулылар және т.б. қазақ халқының арасына заң - закүн деген атаумен таралып кетті