ЗАДА

lat: ZADA

(пар. заде زاده)   

1. Ұл, бала.

Қайсар және: Иә, Құдауанда, деп сөйледі, Білмедік иә, палуан зада , кімсің? деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

“Қызыма ғашық болған күллі зада , Ертеге жиылың” деп хабар етті («Қисса Дандан». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Шақыруға ар етпе, Ініңді, аға, зада етпе («Батыр Мамай Қанды Орақ». Бабалар сөзі. 40-том. 2006. 100 томдық).

2. Патшаның, мәртебелі адамның баласы.

Екі қошақ патша зада , Хабар берген кімдер еді? («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Падиша задаларды жиып көрді, Заһидтің өсиетін айтып берді («Қисса Дандан». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Төрезада төренің баласы, төре ұрпағы.

Қуатын денесіне әбден жиып, Майданға төрезада қайта кірді («Еңсегей бойлы Ер Есім». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).

Асыл зада шыққан тегі асыл, текті. Жігіт айтты: Ей, патша, асыл задам , Сізге айтайын сырымның бәрін тамам («Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Қай жақтан келіп тұрсың, жаным балам, Нәсілің кім, қайсы шаһар, асыл задам («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).