ЗАЛАЛ

lat: ZALAL

(ар. далал ضلال)   

1. Адасу, қателесу.

2. Ауысп. Зиян.

«Басқа пәле тілден» деген, мақал бар ғой, Кейде залал қалжың сөз, кейде пайда («Ақылбай Абайұлы Құнанбаев». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Бұл саған айтқан, досым, өсиетім, Жүре бер тыңдамай-ақ залал болса («Ақан сері Қорамсаұлы». Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. 1984).

Әй, патша, залал емес қатын сөзі, һәр түрлі боп шығады сөздің тезі («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).