lat: ZAMAN /82/
ар. зат. 1. Дәуір, ғасыр, кезең.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
Жетім- көлге қарудан шаршамаған? (2,171).
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға (3,200).
2. Өзі өмір сүрген уақыт, мерзім, кез.
Сырластық адам жайлы, заман жайлы,
Өмір жайлы, жақсы мен жаман жайлы.
Жасырамыз біріміз бірімізден,
Әңгімеміз әзірге бара алмайды (3,227).
Соғыс жүріп жатты. Мол киіп, мол ішетін заман жоқ (4,134).