lat: ZEŃ
(пар. зәнг زنگ)
1. Көгеру, тотығу.
2. Билеген кезде саусақ қимылынан дауыс шығып тұру үшін кигізілетін музыкалық аспап.
Зең салу – тыпырлау, ойнақтау, тыпыршу.
Астындағы тұлпары, Өз-өзінен зең салды («Төрехан батыр». Бабалар сөзі. 46-том. 2008. 100 томдық).
Сиыр түсі болғанша Сағыздан өтіп зең салды («Исатай-Мақамбет». Дастандар, 1960).