араб тіліндегі мағыналары «безендіру, әшекейлеу, әдемілеу», «әшекейленген әдемі бұйым». Бұл екі мағынасы да қазақ фольклорлық жырлары мен классикалық шығармаларында кеңінен қолданылған. Жырларда «әдемі, құлпырған», «безендіру, әшекейлеу, құлпырту» ұғымдары «зейнетті», «зейнеттеу» сөздері арқылы берілген. Қазіргі қазақ тілінде «ұзақ жыл істеген еңбектің рақатын, қызығын, жемісін кору» деген ауыспалы мағынада қолданылады.