(struma; stuere – құру) жемсау, бұғақ – қалқанша бездің түйінделе үлкеюі. Жайғасу орны бойынша: қосымша (абберантты), көкірек қуысында жайғасқан жемсауды; шығу себептеріне қарай: эндемиялық, тума жемсауды; морфологиясы бойынша: коллоидты, паренхиматозды, макро және микрофолликулалы, лимфоматозды және т.б. түрлерін ажыратады.