Зауық

lat: Zaýyq

з а т е с і м. 1. Ықылас, ынта, ниет, көңіл күйҰйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар. Кейі з а у ы қ, кейі мұң, дертін қозғап, Жас балаша көңілді жақсы уатар (Абай, Тол. жин.). Домбыра шертуге з а у ы қ керек, күйшінің жалықтырмас саңлағы көп күндер қаңтарулы тұрып қалған шақтары да бар (Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Өміріңіз жаппай сиқыр болсын деп Көңіліңіз сіздің ғана толсын деп Алдын ала з а у қ ы ң ы з д ы үйренер ем! Аһ, дариға-ай, тағдыр оған жазбады! (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. п с и х о л о г и я л ы қ. Адамныңбелгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылуы. Егер адам автомобиль, сәнді киім, үй не өзіне пайдалы зат сатып алуға немесе өзге жолдармен соларға ие болуға тырысса, онда з а у ы қ материалдық боладыаз. тілі термин. Педагогика.). Ас ішу немесе ұйықтау, физиологиялық з а у ы қ қ а мысал боладыаз. тілі термин. Педагогика.). Ал адамның рухани зауқы алуан түрлі: ғылымды меңгеру, мәдениет жетістіктерін пайдалану, көркемөнермен айналысу, шығармашылық жұмыспен айналысу және т.б. (Қаз. тілі термин. Педагогика.).