Зауыт

lat: Zaýyt

з а т е с і м. Өндіріс үдерістері механикаландырылған өнеркәсіп орны. З а у ы т т а басқа өнеркәсіп орындарынан өзгеше түрде бір жүйеге келтірілген жоғары өнімді механизмдер мен технологиялық желілер жұмыс істейді. Өндіріс процесі белгілі тәртіппен ұйымдастырылып, оның шоғырлану дәрежесі жоғары болады (ҚҰЭ). Қойшы үйінен шай ішіп, Құныға жүрек жалғадық. Газетке керек жайларды Қай з а у ы т т а н алмадық! (Д.Әбілев, Ой толқын.). Оңтүстік Қазақстанда алты жыл бұрын тоқтап қалған Мақталы тоқыма з а у ы т ы н ы ң орнына «Адал» кәсіпорны келіп, жаңаша жұмыс істей бастады («Қаз. әдеб.»). Самсаса комбинаттан дала тұнып, З а у ы т т а р зіркілдейді болат үгіп. Бір қаланың болғанша атын қойып, Басқа жерден жатады қала туып (Т.Айбергенов, Мен саған.).