Заң

lat: Zań

з а т е с і м. 1. ф и л о с о ф и я л ы қ. Ақиқат болмыстың, өмірдің, заттардың, құбылыстардың немесе процестердің елеулі сипаты бар, белгілі қалыпта көрінетін өзара байланыстылығы, олардың бір- біріне тәуелділігі; заттардың, құбылыстардың, процестердің т.б. өзара табиғи және қайтамалы жалпы байланысының, яғни заңдылықтардың мәнін түсіндіретін философиялық категория. Кез келген қайталамалы байланыстардың бәрі емес, тек елеулі байланыстар ғана заңдылық болып саналып, тек солардың мәні ғана з а ң түрінде тұжырымдалады (ҚҰЭ). З а ң оқиғалардың, құбылыстардың белгілі бір бағытта дамуының негізгі, қажетті және елеулі байланыстарының мәнін бейнелейді, сондықтан ол тек белгілі бір жағдайларда ғана пайда болады (ҚҰЭ). 2. з а ң. Мемлекеттің ең жоғарғы өкімет органдары қабылдайтын, ерекше заңдылық күші бар акт; қаулы-қарарлар; декретістік Қызға сөйлес те, ризашылығын ал. Одан әрі з а ң ғ а сүйенерсің. Мен бұл істе бой көрсетпейін (С.Мұқанов, Есею жыл.). Ей, жаным, алдайды деп ашуланба, Екі неке сыймайды біздің з а ң ғ а! Асықтығым шыдатпай айтсамдағы Ар көнбеді некемді жасырғанға! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Алаш туы астында, Қолдайтын Алаш бабамыз. «Туысқандық», «теңдік» деп, Туын қолға ап шабамыз. Берілгенде тілектер, Жарылмай ма жүректер?! З а ң жасайтын орынға Жұртпен бірге барармыз! Қатардан орын аламыз! Жасасын Алаш, жасасын! (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Ойбай, ақсақал, «ата жолы» деген сөзді енді аузыңа алма, қазір заман басқа, з а ң басқа (А. Нұрманов, Құлан.). 3. Қалыптасқан белгілі бір тәртіп, жүйе. Мынау жалпақ әлемде өзендер бар: Төсінен самғатып ақ қанат шағалаларын, Мойындамайтын шектелу, шекара з а ң ы н, Бір елден бір елге кесіп өтетін, Байлығын сан ел несіп ететін, Еркіне бағындыра алмай, Табындыра алмай, Есер күш иелерінің есі кететін (М.Шаханов, Ғасырлар.). Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді. Кім аяққа басса з а ң ы н даланың – Ұмытқаны қатал тарих сабағын. Кешір мені, Таусылды бар амалым. Дала заңы – баба з а ң ы, қарағым, – деп әкесі қолына алды садағын (М.Шаханов, Ғасырлар.). Тайыңнан тас ақырға дайындадым, Беліңді берік байлап айылдадым. Пайдасын отбасының ойламай-ақ, «З а ң ы, – деп, – заманымның» қайымдадым (О.Шораяқов, Шайыр). «Колхоздың құрылыс з а ң ы н бұрмалаған, Асырып қулық ісін жүрген әмән» – Осы екен бар болғаны – таққан кінә, Жатпаған дәлел іздеп бұл жаладан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 4. Белгілі бір ғылым саласына тән, үнемі қайталанып отыратын, реттелген, қалыптанған жүйе. 1609 жылы Кеплердің «Жаңа астрономия» атты еңбегі жарық көрді. Ол планеталардың Күнді айнала қозғалуының бірінші және екінші з а ң д а р ы н ашты. 1618 жылы бұл ғалымның «Әлем гармониялары» атты еңбегі жарияланды. Онда планеталардың Күнді айналуының үшінші з а ң ы н ашты (О.Жәутіков, Жаратылыстану.). Силлогизмнің жан тұрмысы үшін пайдасы сол: негізгі бір з а ң бойынша толып жатқан көріністерді шешеміз (М.Жұмабаев, Шығ.). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Орындалуы шарт, міндетті іс. Ал директордың айтқаны бұл үшін бұлжымас з а ң (Б.Соқпақбаев, Өзім тур.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Әдет- ғұрып, салт-сана. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы. Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрсын з а ң ы (Абай, Тол. жин.). ...Ұлға тұсау, қызға бұғау болған ел з а ң ы еді (М.Әуезов, Абай жолы). Қазақ халқының қоғамдық з а ң ы н д а мал мен аңның, адамның қол-аяғына түскен таңба, мөрді куәлік қатарында қараған (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.). Себебі орыстан жинауға қанша жаһад қылғанмен халықтың з а ң ы н, ғадеттерін білмегендіктен анда-санда бір тиіп, жөнді жинай алмайды («Қазақ»). 7. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Үлгі, өнеге. Олар ғажап іс етті бір таңғалар, Өміріме, өнеріме з а ң болар. Маған тісін қайрағанда қалшылдап,«Шегелер» мен «балғалар», Жанын салып мені қорғап қалды олар (М.Шаханов, Ғасырлар.).