қ ұ қ ы қ. Құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Әр елдің Конституциясы заң ғылымының негізгі және қайнар көзі болып табылады. Қазіргі заң ғылымы бірқатар білім салаларына сараланған. Олар: мемлекет пен құқық теориясы, құқық және құқықтық ілімдер тарихы, азаматтық құқық т.б (ҚҰЭ).