қ ұ қ ы қ. Елдегі заң шығарушыорганның қарауы үшін немесе бүкілхалықтық референдумға салу үшін әзірленген заңның қабылдауға ұсынылатын мәтіні. Заң жобасынесім. әзірлеу ісі белгілі бір қоғамдық қарым- қатынастар аясын реттеу немесе мұндай реттеуді өзгерту қажеттілігін, қолданыстағызаңдар мен оларды қолданудың тәжірибесін талдауды, жобаны әзірлеу туралы шешім қабылдауды, оның мәтінін жазуды, бастапқы жобаны талқылап өңдеуді, мүдделі органдар мен ұйымдардың бәрімен келісіп алуды, т.б. қамтиды. Заң жобасы әзірленіп біткен соң ол заң шығару бастамасы тәртібімен заң шығарушы органның қарауына немесе бүкілхалықтық референдумға салуға беріледі (ҚҰЭ). Үкімет бірде заң жобасының бастаушысы ретінде жобаны өзі қайтарып алған болса, келесі ретте ұсынылған заң жобаларының концепциясымен депутаттар келіспеді. Депутаттар мен Үкіметтің жергілікті өкілді және атқарушы органдардың басшыларын қатыстыра отырып, ұзақ мерзім ішінде бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде ақыры 2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы» Заң жарық көрді («Егемен Қазақстан»).