Заң кеңесі

lat: Zań keńesi

Жұртшылыққа заң көмегін көрсету жұмысын ұйымдастыру үшін құрылатын адвокаттар ұжымы. Заң кеңесінің мекенжайы және онда жұмыс істейтін адвокаттардың саны адвокаттар алқасының төралқасы әділет органымен келісе отырып айқындалады. Заң кеңесінің ағымдағы есеп шоты, белгіленген нысандағы мөрі мен мөртабаны болады (ҚҰЭ).