Заң шығарушы билік

lat: Zań shyǵarýshy bılik

с а я с и. Заң шығарумен, бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент. Заң шығарушы билік заң қабылдайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды, оның жұмысына Конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды. Заң шығарушы билік демократиялық- құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйес). Бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген (ҚҰЭ).