с ы н е с і м. 1. Заңға сәйкес келетін, заңға үйлесімді. Конституцияның ең жоғары з а ң д ы күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (ҚР Конституциясы). Балуан мен Балқаш некесіз қосылған, сондықтан Ғалия Балуанға бірінші з а ң д ы әйелі болды (С.Мұқанов, Шығ.). 2. Орынды, даусыз. Қыран өзі алған аңнан аз да болса ауыз тиюі шарт. Бұл жағы з а ң д ы бола тұрса да құсбегілер оның осы жұлғанын есепке алады (Ж.Бабалықұлы, Қырандар).