қ ұ қ ы қ. Әрекетке қабілеттілігі жоқ немесе шектеулі немесе әрекетке қабілетті бола тұра, тән жағдайының (қартаюының, сырқатының) салдарынан өзінің құқықтары мен міндеттерін дербес жүзеге асыра алмайтын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңның күшімен барлық мекемелерде, соның ішінде сотта қорғауға қатысатын адам. Қылмыстық істе сезіктінің, айыпталушының (сотталушының), жәбірленушінің, куәгердің ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы заңды өкіл бола алады. Балалар үйі, мүгедектер үйі сияқты мекемелердің, қамқоршылық, қорғаншылық қызмет атқаратын органдардың да өкілдері заңды өкіл болып табылады (ҚҰЭ).