Заңды түрде

lat: Zańdy túrde

Заң бойынша; әдетте, ылғи; сөзсіз. Ойлантатыны сол, Орталық Азиядағы елдермен салыстырғанда, туристердің Қазақстан жеріне заңды түрде аяқ басуына жағдай жасалмаған («Жас Алаш»). Ендеше дамыған елдердің қай-қайсысы болмасын өз тауарына заңды түрде жаңа рыноктер ашу үшін біз сияқты елдердің ДСҰ-ға кіргеніне кет әрі болмайды («Түркістан»). Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.