lat: Zaboı
зат есім. кенісі. Кен өндірісінде жердің үстіңгі бетіне қарсы жағындағы кеншінің жұмыс орны.
Кенші болдым Тар забойда шайқаста, Жай тасқа емес, Құмарттым кені бай тасқа. Мансаптан аулақ, Мақсаттар биік жетелеп, Екпінім еркін, Келемін өмір айқаста айқаста (К.Салықов, Жезкиік). Әліпті таяқ деп білмейтін қараңғы кісі әуелі құрылыс комитетінде қарауыл боп істеп, қатын-баласын асырай алмағасын забойға түскен (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Шахтада бір жұмысшы ауыр жараланды. Төбе құлап, бір забойдың жұмысы тоқтады (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).