lat: Zada
зат есім. Нәсілі, ата-тегі, тұқымы асыл, жақсы адам.
Аламандықты алға ұстап жүрген мен емес, мына өзің сияқты задалар (X.Есенжанов, Ақ Жайық). Бас ұрды: «бақыл бол, – деп, ей, ақ зада!»
Бағбанға бағасы көп заттар беріп,
Шат болып қайтты Банубек зияда.
Саламат, сәһар кезде сарайдағы
Жолығып жұптыменен болды о да (Т.Ізтілеуов, Назым).
Жақсы еді сөзің қалай, ай, жас балам,
Болдың ба бұлай абзал асыл задам?
Сөзіңді жезде деген жақтырамын,
Аман ба үйіңдегі атаң-апаң? (Батырлар жыры).