lat: Zakon
зат есім. сөйл. 1. Заң.
Пристав кітап, қағаздарын, 4–5 уақ кітап алып, бірнеше хат алып, портпеліне салады. (Қасымға қарап). Законбойынша сізді абақтыға жабам . Думадан шығатын закондер қандай болатынын да болжауға болады. Бұл закон бойынша бүтін қазақ халқы депутатсыз қалды. (Ә.Бөкейханов, Шығ.).
2. Заңдылық, тұрақталған жүйе.
Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне және қандай лайықты жарастықтың законымен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғыныí көресің .Егер ақылыменен болмаса, [өмірдің] өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір біртүрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пәнденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды, – дейді . «Жердегі торғай артық әуедегі Тырнадан» деген сөзі рас қарттың. Аз өмірден әлінше пайдаланбай, Көкке қарау ісі екен ақымақтың. Жастықтың тілегенін ақыл жеңу Болмайды, законы емес табиғаттың (С.Торайғыров, Алаш ұраны).