Зал

lat: Zal

зат есім. сәулетістік 1. Көпшіліктің жиналуына арналған үлкен бөлме, қоғамдық орын.

Зал ішіне ұзын үстел қойыпты. Үстелдің төр жағында сақалдары сапсиған бірсыпыра кісі отыр (Б.Майлин, Шығ.). Домбыра ғой бұл Еміреніп жұрт мұңына еліткен, Париждің залын қос ішегімен күңіренткен (С.Мәуленов, Алыс кетістік). Ал, кәне, есің қалса аңғарып ал! Ашылды алтын сарай алды бір зал Арбады, қызықтырды жиһазымен, Төбеде қызыл-жасыл шамдары бар (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

2. Жекеменшік үйлердегі қонақ қабылдайтын кең бөлме.

Бибінің үйі қос шамдалдың жарығында жайнаған мол жасау, жиһазды үлкен шарлы зал (Р.Әбутәліпов, Алтын.).