Залалсыздандыру

lat: Zalalsyzdandyrý

Залалсыздандыр етістігінің қимыл атауы. 1. медициналық. <лат. infestio> Адам мен жануарларда, өсімдіктерде болатын ауруларды жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық стационарлардың қызметкерлері атқарады. Туберкулезбен ауырған малдардың сүтін залалсыздандыру мәселесінің маңызы аса зорыс тілі.

2. экологиялық. Табиғи ортаны тазарту.

Автомобилистердің халықаралық федерациясы 2000 жылға қарай электромобильдерді шығару жалпы автомобильдер шығарудың бар болғаны 10 процентіне жетеді деп есептейді. Алайда мұның өзі өте қатты ластанған аудандарды біршама залалсыздандыруға жеткілікті болар еді. Залалсыздандырудың алдын алу (вагондарды, азық объектілерін, суларды және т.б. залалсыздандыру), ағымдық (ауруды қоршаған заттарды залалсыздандыру) және қорытынды түрлері болады (Қаз. тілі термин. тамақ өнеркәсібі.).