lat: Zalym
1. Қу, сұм, зымиян, сұрқия адам.
Залымның отына момын күймесін (М.Дулатов, Шығ.).
Әкімдіктен не пайда Әділ үкім етпесе?
Арам менен адалға Ақыл мен ойы жетпесе.
Залымдарды мұқатып,
Жүзінің суын төкпесе (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Байдың асын сұм менен залым жейді,
Ұрысы ұрлап момынның малын жейді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Ізін білдірмейтін залым еді ғой Өтебай (Б.Майлин, Шығ.).
Шақырар екеуіңді ұстатуға,
Қылышын жарқылдатып жандаралын.
Сот қылып болыс пен биүкім кесіп,
Жаптырар абақтыға өңкей залым (О.Шипин, Дастан).
2. Рақымсыз, жауыз, қаныпезерадам.
Мен таяқтан жығылдым есім ауып
Екі ағам кеңешті ақыл тауып
Танымаймыз бір залым келген бізге
Малым бар деп біздерке жала жауып (Қысаһ Таһир).
Болған соң кәсібі ұрлық, ұры залым,
Ұрлауға ұят дей ме жұрттың малын?!
Ойы арам, қаны қара, ол нағылсын,
Біреуді зар жылатпақ, зор обалын! (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Үй құрып, туды тігіп, жолдас алып,
Басында Молалының жатпақ болды.
Қасқырдай көңілі жаман залым болса,
Аямай алыс жерден атпақ болды (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).
Мал, мансап, адамзатты мас қылады,
Мейірімді ет жүрегін тас қылады.
Тәкаббар, әділетсіз залымдарды
Бағы қайтқан сорлы елге бас қылады (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Кекті ашу кеудем толған қайнап пісті,
Қоймадың өз еркіме ар-намысым.
Не жеңіп, не өлермін, құн сұраусыз,
Басынып патша залым берді қысым (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
3. Қара ниет, арам ниетістік
Зар жылап тұрдым шөптің төбесінде
Үрлеймін тырнағымның көбесіне.
Басыма көп бәлені іздеп алдым,
Тоям деп залым байдың көжесіне (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада кең сахара көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып (А.Байтұрсынов, Шығ.).
4. психологиялық. Өз мүддесін көпшілік қабылдаған моральдық қағидаларға жатпайтын әдістермен қорғайтын және қанағаттандыратын адам.
Залым адам тікелей жауапқа тартылатын құқық нормаларын бұзбайды, құқықты сақтай отырып, айла-шарғылардың мәрттікке жатпайтын, қораш, пасық түрлерін пайдалана отырып әрекет етеді (Қаз. тілі термин. Педагогика).
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына (А.Байтұрсынов, Шығ.). // Өткінші, жалған, баянсыз. Дүние, әттең, әуре еттің мені! Көп қудым жетемін деп, залым сені. Бір күні санды соғып, «аһ» ұрамын, Көшкен соң жігіттіктің керуені (Базар жырау, Шығ). Сұлу қыз сұм өмірдің гүлі емес пе, кім бекер өткізбекші жастық шағын. Осылай үшеуінің сөзін тыңдап, Қазы айтты: «Жақсы, – деді, –балаларым. Жолыңнан көре-тұра аздырады, Опасыз баяны жоқ дүние залым» (Ә. Найманбаев, Шығ.).