Тұстас, заманы бір, құрбы-құрдас. Замандас құрбың келсе қадірін біл, Артында әзіл сөздің қалады зіл. Жалпылама жамандар неме керек, Шаһбаздың нағыз біздей ерім деп біл (Шал ақын, Өлеңд.). Тұра алмадым толықсып хат жазбасқа ішкі сырды білгізіп замандасқа. Екі көңіл бір жерге қосылса егер, Не қызық бар жаһанда онан басқа?! (М.Дулатов, Шығ.). Ойымды айтпай біліп, ашпай көріп, Бір мен үшін дайындап жүрер жоғын. Айûрылдым ақ жүректі замандастан Қайда екен, қайран достар, аруағың? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қазақ театрының іргетасын қалаушылардың бірі, биыл туғанына110 жыл толған Қ.Қуанышбаевтың Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында қазақ сахнасында қырық жылға жуық қызмет еткендегі ойнаған кейіпкерлерінің текстері, өзінің жазған еңбектерінің қолжазбалары, өмірбаяндық құжаттары, туған- туысқандары мен әріптестерінің, замандастарының хаттары сақталған («Егемен Қазақстан»). Ақсақалдың әлгідей дегені болмаса, Әлекейден пәлендей жиренген жоқ. Өйткені әрі замандас, әрі әңгімелесіп, көңіл көтергісі де келді (Ж.Аймауытов, Шығ.).