Зақымдану

lat: Zaqymdaný

Зақымдан етістігінің қимыл атауы. 1. Жарақаттану, ауыру.

Зақымдану көлемді болса, малдың жалпы дене қызуы көтеріледі, оттамайды, жабығады, кейде мазасызданады . Дене мүшелерінің зақымдануы на қарай төленетін құнның мөлшері: екі көзді зақымдап, соқыр етсе, толық құн; бір көзі шықса, жарты құн; омыртқа сынып, сал болып қалса, толық құн; әйел түсік тастаған жағдайда іштегі 5 айлық шарана үшін бір тоғыз айып; 5 айдан асып, жарық дүниеге келгенге дейінгі бала үшін жарты құн төленген Академияның ғалым-медиктері өлкенің патология жөнінде, атап айтқанда, бруцеллезді, лептоспирозды, силикозды, қорғасыннан улануды, өндірістік зақымдануды, зоб ауруларын емдеу жөнінде маңызды зерттеулерін аяқтады.

2. Бұзылу, шіру.

1969 жылы Ленинград биологтары И.И.Микевич, Т.И.Захарова және Н.А.Шибкова ауылшаруашылық дақылдарының зақымдануы күннің активтік жағдайына байланысты екенін дәлелдеген.Омаров, Күн. құбылыс.).