lat: Zaqymdaný oshaǵy
әскери. Адамдары, ұрыс техникасы, көлігі мен әртүрлі мүліктерінің бәрі бактериялық залалдануға ұшыраған аумақ.
Зақымдану ошағы жұқпалы аурулар таратудың негізгі көзі болып саналады, осыған байланысты қарсыластар қоздырғыштар қолданғанға дейін зақымдалған ошақ аумағында обсервация орнатылады . Онда зақымданған жеке құрамға медициналық бақылау күшейтіліп, жұқпалы ауруларды оқшаулау, госпитальға жатқызу жұмыстары және санитариялық-гигиеналық шаралар, төтенше сақтандыру жұмыстары өткізіледі, сондай-ақ зақымдану ошағы арқылы кіру, шығу әрекеттері шектеледі (Қаз. тілі термин. Әскери.).