Зақымдану тығыздығы

lat: Zaqymdaný tyǵyzdyǵy

әскери. Зақымданған ауданның (беттің) бір өлшеміне келетін улағыш заттардың мөлшері, химиялық жағдайды сипаттайтын факторлардың бірі.

Әр-түрлі химиялық оқ-дәрілерді қолданғанда зақымданған жердің зақымдану тығыздығы біркелкі болмайды, сондықтан оның шамасы, әдетте, орта есеппен анықталады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Зақымдану тығыздығы зақымданған жергілікті жерде әрекет ететін әскерлердің жеке құрамы үшін қауіп-қатердің дәрежесін сипаттайды (Қаз. тілі термин. Әскери.).