Артиллерия мен минаатардан атылатын дәрі зарядының дорбасы. Заряд картузы берік, су, шаң өткізбейтін, атқанда түгел жанып кететіндей болуы керек. Шірітетін және зеңбіректі оқтауға кедергі болатын қалдықтары болмауы керек (Қаз. тілі термин. Әскери.). Заряд картузы жібектен, мақта матадан, сондай-ақ нитроқабықшадан жасалады (Қаз. тілі термин. Әскери.).