Зарядтың сақталу заңы

lat: Zarádtiń saqtalý zańy

ф и з и к а л ы қ. Кез келген тұйық жүйеніңлектрлік оқшауланған) электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі (сол жүйе ішінде қандай да бір процестер жүрсе де) туралы табиғаттың іргелі дәл заңдарының бірі. Зарядтың сақталу заңын бөлшектер саны сақталуының салдары ретінде қарастыруға болады. Мыс., макроскопиялық дене зарядталған кезде зарядты бөлшектер саны өзгермейді, тек зарядтардың кеңістікте қайтадан тарала орналасуы өзгереді: зарядтар бір денеден басқа бір денеге ауысады (ҚҰЭ). Зарядтың сақталу заңының дәл орындалатындығын электронның өз зарядын 5-1021 жыл бойы жоғалтпайтындығынан көруге болады (ҚҰЭ).