Адамның күнделікті өмір тұрмысына қажетті керек-жарақ, жабдықтар. Үйдің іші әдемілеп жиналған, өрескел тұрған бір зат жоқ (С. Ерубаев). Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық сияқты нәрселер жасалады (С. Қасиманов). Ылғи күрең қызыл кілемдер мен сандық сияқты бұйымдардан айналып кіруге болмайтын (С. Жүнісов). Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай). Дүкенші жеңгейдің де бүгін Жөлекке мүлік алып қайтуға кеткенін білетінмін (О. Сәрсенбаев). Сол үйлерге арналған ішкі жасау, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ - баршасы үйлермен бірге келеді (М. Әуезов). Асыл жиһаз, дүниеге толған осы ақордада ак мамық жастықтарды шынтақтай он шақты кісі отыр (I. Есенберлин).