Затбелгі қағаздары

lat: Zatbelgi qaǵazdary

Кәмпит орауға арналған қағаздар. Затбелгі қағаздары төрт маркалы болып шығарылады: А түрлі түсті суреттерді литографиялық, офсеттік тәсілдермен басуға арналған; Б зат белгілерді литографиялық, офсеттік және баспаханалық тәсілдермен басуға арналған; В затбелгілерді баспаханалық тәсілмен басуға арналған; М түрлі түсті затбелгілер басуға арналған қағаз (Қаз. тілі термин. тамақ өнеркәсібі.).