с ы н е с і м. 1. Зат сияқты. Ұдайы болды екі түн Төсекте тыныш жатпаймын Әлекке салып әлдекім, Мұжылып біткен з а т т а й м ы н (М.Мақатаев, Шығ.). 2. Зат түрінде, ақшалай емес. Зорман терісінің бірінші сорты 40 тиын тұрады. Сөйтіп аңшылар ақшалай немесе з а т т а й көп пайда табады (X.Қыдырбаев, Дала көркі). Соның нәтижесінде кісі өлімінің уақыты мен себебі белгіленбейді, бұл з а т т а й айғақтардың жоғалуына әкеліп соғады, қылмысты тез ашып, кінәлілерді әшкерелеуге кедергі болады («Егемен Қазақстан»).