Заттың агрегаттық күйі

lat: Zattyń agregattyq kúıi

ф и з и к а л ы қ. Бір заттың әртүрлі күйі. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді (ҚҰЭ). Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді (ҚҰЭ). Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы (ҚҰЭ). Заттың бірнеше агрегаттық күйінің болуы оның молекулаларының (атомдарының) жылулық қозғалысы мен өзара әрекеттестігіндегі айырмашылықтарға байланыстыаз. тілі термин. Кен.).