Затвор

lat: Zatvor

ор.з а т е с і м. ә с к е р и т е р м и н. Мылтық, автомат сияқты қарулардың патронды бекітіп тұратын тетігі. Сыбыр-сыбырсөйлесіп, мылтықтың з а т в о р ы н сарт-сұрт ашып, жабады (I.Жансүгіров, Шығ.). Винтовканы қайта оқтап, суық з а т в о р қарыған қолдарын үрлеп жылытады да, тағы да дәлдеп, тағы да атады (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Ыбырай мылтығының з а т в о р ы н қайырып, ұңғысымен дәл кеңірдектің астынан тіреп тұра қалды (М.Жұмағұлов, Қыран.).