Зейін

lat: Zeıin

з а т е с і м. 1. Ықылас, көңіл, ниет, зерде. Әке, мен кім болам? Сен бе, өскесін жігіт боласың, Юрийдей ғарышкер боласың, деді, бар з е й і н і дойбыда отырған әкесі (Н.Сералиев, Ақбөпе). Хат жазсаң мүмкін болса біз тарапқа, З е й і н і ң еріседі әр тарапқа. Құрбыны сағынғанда қолға алсам, Болар ма деп ойлаймын көңілім шаттаердері Әбубәкір, Қазағым). Бар з е й і н і м і з сахнада (И.Жақанов, Қайта орал.). Бар адамның бар з е й і н і қазір сол жақта, ...майдан жаққа көз тігеді (Ы.Жақаев, Менің бақытым). 2. Талап, ынта. Сол сияқты дарынды сөзді ақындығы шамалы адамнан да жақсы ақындардың сөзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп қалған, оқыған жай з е й і н і ашық адамдар дарынды сөзді артық санауы ықтимал (А.Байтұрсынов, Шығ.). Бір ай өткеннен кейін мұғалім Жамалдың з е й і н і н е қызығып, Шолпанға айтты (М.Дулатов, Шығ.). Жас күнің таң болады қартайғанда, Жан достың суысады мал тайғанда. Көзіңе өткен күнің елестейді. Алладан уақыт бітіп жантайғанда. Төрт бұрышы төңіректің алыс емес Көзі ашық, з е й і н і көп майталманға (Ә. Найманбаев, Шығ.). 3.п с и х о л о г и я л ы қ. Адам санасының айналасындағы заттардың, құбылыстардың ішінен керектісін бөліп алып, соған бағыттала тұрақталу процесі; адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. З е й і н табиғаты табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі ғылым деп аталады (А.Байтұрсынов, Шығ.). Адам өмірінде з е й і н н і ң алатын орны зорыс тілі. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше (ҚҰЭ). Зерде, з е й і н, қабілет, білім таңдайтын жұмыс сияқты (Ә.Қалмырзаев, Ар). Мұқанның бар айыбы малы кедей, Әке бар, туысқан жоқ, шеше өгей. Ақыл, з е й і н, түр-сымбат тұтас келген, Сөзге ұста, ақын жігіт сұрша көмей (С.Торайғыров, Шығ.).