Зейнет

lat: Zeınet

з а т е с і м. 1. Көрік, сұлулық, сымбат, әдемілік. Біз өсімдіктердің көктемде жасыл з е й н е т к е бөленгеніне сүйсіне қараймыз (Ботаника). Жігітке жиырма бес жас үлкен зейнет, Мағшұқтың маржан таққан зұлпындай- ақ. Көңіліңе келер сонда толық байлық, Қарайып отар жатқан жылқыңдай-ақ! (О.Шораяқов, Шайыр). 2. Әшекей, сән. Мұражайлардан африкалықтардың әдет-ғұрып маскаларының, зер, з е й н е т, қолөнер бұйымдарының, өрме бұйымдардың жиынтықтарын, ауыл шаруашылығы құралдары мен саймандарын және т.б. көруге болады (Ә.Шәріпов, Алыс.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Еңбек рақаты, жемісі, қызығы, игілігі. Адам өміріндегі ең бір қуанышты сәт өз еңбегінің жемісін көру ғой. Ел қазынасына мол астық құйса, көптеп ет өндірсе, баққан малы аман болса еңбек з е й н е т і (Ж.Молдағалиев, Самал). Ақырында бәрін де жеңіп, еңбек з е й н е т і н көреді: омырауына екінші бір алтын медаль еңбек ерінің орақ-балғалы жұлдызын қадайды (М.Мағауин, Ақша қар). Абырой осы берген адал еңбек! Адал еңбек бақыт пен з е й н е т ЗЕЙН-ЗЕЙН бермек (Ө.Тұрманжанов, Таңд. өлеңд.). Бейнет түбі з е й н е т ақал-мәтел). Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет! Құлдарға құлдықтан жоқ артық з е й н е т і с т і к. Оттай бер, жануарым, екі аяқты! Адамдық хайуанға қанша қажет?! (А.Байтұрсынов, Шығ.). Жасымда бейнет бер, Қартайғанда з е й н е т бер (Мақал-мәтел).