Зең

lat: Zeń

з а т е с і м. Температура мен ылғал жеткіліксіз жағдайда пайда болатын көгеру; көктат. З е ң ұннан жасалған тағамдарды бүлдіріп, алдымен ақ, одан соң сүт түсті болып өзгеретін жіпшумақтан тұратын ақ зең, тұздалған көкөністердің, тосаптан және т.б. азық-түліктің бетінде пайда болатын көк, сарғыш, жасыл түсті шоғырлар (Қаз. тілі термин. Биология). Микробтарға бактерия, з е ң [көгеру] және ашытқы микроорганизмдері жатады (С.Сейітов, Сүт. өңдеу.). Үйіне келген соң Тажыл-Мүлік Ғазизге: Досым, бір өлең айтшы... З е ң басқандай болып тұрған, көңіл ашылсын, деді (Мың бір түн). З е ң дымқыл, қараңғы және жылы үйлерде жиі пайда болады (Ботаника). Күміспен мысты қаптасаң, сыртына з е ң і шабады (Майлықожа, Нақыл).