Земленке

lat: Zemlenke

[орыс тілі. землянка] з а т е с і м. с ө й л е у. Қыштан, топырақтан құйылған, кірпіштен қаланып, аласа етіп салынған үй, жертөле. Сен мешер жаз болса мынау қазақтың алған қосында бірге тұрасың соның үшін қостың жарты бұлын сен төле; сен қазақ қыс болса мынау мешердің жылы з е м л е н к е с і н д е бірге тұрасың (Ы.Алтынсарин, Қырғыз хресто.). Пештің түбіне отырып Раушан ойға шомды, қара көлеңке тартқан аласа з е м л е н к е бұрын жылы, жақын көрінсе де, қазір біртүрлі салқын тартқан секілді (Б.Майлин, Шығ.).