ә с к е р и т е р м и н. Арнайы станокқа орнатылған 2000 м-ге дейінгі биіктіктегі әуе нысандарын ату үшін қолданылатын автоматты қару. Зениттік пулемет қондырғыларымен жаяу әскер, танк, БТР экипаждары, кіші кемелер мен зениттік бөлімшелер қаруланады. Зениттік пулемет қондырғыларының атыс қарқыны минутына 6000 атысқа дейін, ұрыстық (жауынгерлік) ату жылдамдығы әр ұңғыға минутына 150 атысқа дейін болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).