Зениттік зымырандық бөлім

lat: Zenıttik zymyrandyq bólim

ә с к е р и т е р м и н. Зениттік-Зымырандылық кешенмен жарақталған бөлімшелерден құралған бөлім. Ұйымдастыру жағынан зениттік-зымырандық бөлімдер мемлекеттің әуе шабуылына қарсы қорғанысының зениттік-Зымырандылық әскері құрамына, сондай-ақ қарулы күштердің басқа да түрлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің құрамына да (құрлықтағы әскер, әскери-теңіз флоты) ене алады (Қаз. тілі термин. Әскери.).