Зерттеу

lat: Zertteý

Зертте етістігінің қимыл атауы. Ал бұл құс салу өнері әлі сыры мен қыры ашылмаған, жұмбағы шешілмеген, халыққа қағаз жүзінде танылмаған ғылым десек, артық айтқандық бола қоймас. Өйткені бұл мәселе әлі де жүйелі з е р т т е у д е н өткен жоқ (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). Өндірістің күрделі объектілерін басқару өзара түрлі параметрлермен байланысты системалардың автоматикалық реттеу теориясы мәселелерін жан-жақты з е р т т е у д і талап етеді (О.Жәутіков, Жаратылыстану.). Адамды з е р т т е у әлемді зерттеу деп пайымдайтын Шынбергеннің қатып-семген қағидаларға бас ұрмайтыны қайран қалдырады («Қаз. әдеб.»). Әлемді біліп, з е р т т е у д е адам баласы зор қиыншылықтарды басынан өткізді (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнауы.).