Зімпара

lat: Zimpara

зат есім. 1. г е о л о г и я л ы қ. Құрамында корунд, магнетит, гематит, кварц сияқты минерал қоспалары бар ұсақ түйіршікті тау жынысы. З і м п а р а машина жасау, шыны өнеркәсібінде, диірмен тасын жасауда пайдаланылады (ҚСЭ). З і м п а р а ұсақталып, сұрыпталған күйінде қажақ ретінде пайдаланыладыаз. тілі термин. Кен.). 2. Наждак қағазы. Содан кейін қиып алынған металл үлгінің қырларын егеумен егеп, з і м п а р а м е н ысқылап, қолға батпайтындай етіп жұмырлау керек (Д.Шоқпарұлы, Жетпіс өнер.). Егер аквариумнен су ақса, онда ішіндегі суды төгіп, су аққан жердің төңірегін з і м п а р а м е н мұқият тазарту керек те, ацетонмен з і м п а р а д а н және тазартқандағы бөгде заттардан арылту қажет (Қ.Қайымов, Суасты.).