Зонд

lat: Zond

[франц. sonde] з а т е с і м. м е д и ц и н а л ы қ. Ішкі мүшелерді зерттеу және емдеу үшін қолданылатын медициналық құрал; жіңішке түтікше. Рентген сәулесін ұстайтын дәріні венаға жібермей, з о н д арқылы жүректің ішкі қуысына тікелей жібереді (А.Даиров, Хирург.). Өңешті ішіне өңеш түтігін (з о н д) жіберіп зерттейді (Ә.Әбішев, Мал санитары.).