Зоология

lat: Zoologıa

[грек. zoon жануар, logos ілім] з а т е с і м. 1. Жануарлар әлемінің көптүрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілігін, таралуын, мекен ортасын, сол ортамен байланысын, жеке және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. З о о л о г и я зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаға бөлінеді: жануарлар жүйесі, морфология, физиология, экология, палеонтология, эмбриология, генетика, этиология және т.б. (Қаз. тілі термин. Биология). Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография (ҚҰЭ). Зерттейтін объектілеріне қарай з о о л о г и я н ы ң: протозология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар (ҚҰЭ). 2. Мектептерде, оқу орындарында оқытылатын пәндердің бірі з о о л о г и я оқулығы.